Абоненттік қызмет көрсету саясаты
«Jusan Mobile» АҚ телекоммуникация қызметтері саласында өз іс-әрекеттерін жүргізе отырып, клиенттерінің сұраныстарын барынша көп қанағаттандыруға, олардың толық сенімдеріне ие болуға және сақтауға, оларға жаңа технология негізінде сапалық қызметі көрсетуге және бизнес-процестерін анық ұйымдастыруға тырысады.
Абоненттік қызмет көрсету саясатының негізгі мақсаттары:
«Клиенттер үшін барынша көп жағдай жасау» ұстанымы бойынша әр клиентке сапалы қызмет көрсету.
Клиенттің әрбір сұраныстарын жауапсыз және назарсыз қалдырмау.
Қоғамның мүддесін ескере отырып, клиенттер үшін сауатты, ұқыпты, жоғары сапалы қызмет көрсетуге жеткізу.
Клиенттердің әділ шағымдарын қабылдай отырып, Қоғамның басқа құрылымдарының назарын «жеке дара және күрделі орындарына» аудара отырып, клиенттердің наразылығын тудырған кемшіліктердің себебін жою үшін тиімді шараларды қолдану.
Қоғамның түрлі құрылымдық бөлімшелерімен өзара анық әрекеттену: клиенттердің мүддесіне қайшы болатын құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарының сәйкессіздігін жою және келешекте ондай сәйкессіздікті болдырмау жөніндегі шараларды қолдану.
Клиенттерге барлық байланыс арналары арқылы тек анық және толық мәлімет беру.
Клиенттердің кез келген мәселесін ең қысқа уақытта шешу.
Абоненттік қызмет көрсетуде клиенттердің сұраныстарын зерттеу және тіпті қиын жағдайларда да ұтымды шешімдерді табу, түсіну және клиенттердің қойған және күтіп жатқан талаптарына сай болу.
Абоненттік қызмет көрсету сапасына жағымсыз әсер тигізетін мәселелерді табу және оның алдын алу жөніндегі жұмыстарды мақсатты түрде жүргізу.
Іскерлік мәдениетті және атқарушы тәртіпті жоғары деңгейде ұстау, қызметкерлердің клиенттерге ұқыпты және тілектестік қарым-қатынасын әдетке айналдыру.
Саясаттың жүзеге асуы мен оның мақсатына жетуі келесі талаптарды орындау арқылы қамтамасыз етіледі:
Клиенттер туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау процестерінің автоматтандырылуы, бірыңғай ақпараттық кеңістігін ұйымдастыруы (Billing, CRM).
Клиенттер сұраныстары ағынын басқаруы және барлық сұраныстарының статистикалық мәліметтері бойынша сараптамалық жұмыстарын өткізуі.
Бизнес-процестерін тиімді басқаруы, оларды оңтайландыру және үнемі жетілдіру негізінде.
Клиенттерге қызмет көрсету прцестерінің циклдарын қысқарту.
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынастың оперативті әрекеттенуін жасау.
Қоғам қызметкерлерінің таңдауына жүйелі қарауын және кәсіби дағдыларын дамыту негізінде, қызметкерлердің біліктілігіне тікелей байланысты клиенттерге қызмет көрсету деңгейін үнемі көтеру.
Клиенттерге қызмет көрсету Орталығы (Front-office) және телефондық қызметінің орталығы (Call-center) арқылы Қоғамның клиенттерге қызмет көрсетуінің бірыңғай корпорациялық стилін ұйымдастыру.
Клиенттермен қосымша байланыс арна ретінде web-сайт www.jusanmobile.kz мүмкіншілігін пайдалану.
Қоғамның Абоненттік бөлімінің әрбір қызметкерінің клиенттер алдында абоненттік қызмет көрсетудің сапасына жекелей жауапкершілігі.
Клиенттердің пікірлерімен келіспеушілік туған жағдайда, әдепті түрде дәлелді ар мен дәлелдемелерді пайдалану.