Logo
Logo
Қолжетімді интернет

362 ауылдық елді мекен

«QMobile» АҚ — «Цифрлық Қазақстан» ұлттық бағдарламасының маңызды бастамаларының бірін іске асырудағы мемлекеттің негізгі серіктесі.

362ауылдық елді мекен интернетке қосылды

Міндет

Күрделі жер бедері мен жерүсті байланыс желілерін тарту экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан, шалғай ауылдар жиі тұрақты кең жолақты интернетке қолжетімділіксіз қалады. Мұндай цифрлық теңсіздік тұрғындардың сапалы білімге, мемлекеттік қызметтерге, телемедицинаға және заманауи цифрлық сервистерге қолжетімділігін шектейді.

Шешім

«QMobile» АҚ ҚР БҒЦМ Телекоммуникация комитетінің тапсырысы бойынша «Қолжетімді интернет» ұлттық бастамасы аясында 362 ауылдық елді мекенді қосу жобасын іске асыруда. 2025 жылы небәрі 2,5 айда QMobile командасы елдің барлық аумағы бойынша 328 шалғай ауылды спутниктік интернетпен қамтамасыз етті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда — 2026 жылы тағы 34 АЕМ қосылды.

Технология

Eutelsat OneWeb төменорбиталық спутниктік байланысы шалғай ауылдарды күрделі әрі қымбат жерүсті коммуникацияларды салмай-ақ тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді.

Жедел қосылу

Елдің қиын қол жетімді аудандарында да байланысты қысқа мерзімде жайғастыру.

Деректерді қорғау

Трафик Қазақстан аумағында қабылданып, өңделеді.

Заңнамаға сәйкестік

Пайдаланушыларды авторизациялау ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес — электрондық үкімет және СМС арқылы жүзеге асырылады.

«362 АЕМ» жобасы «Цифрлық Қазақстан» және «Қолжетімді интернет» мемлекеттік бағдарламалары аясында қала мен шалғай ауылдық елді мекендер арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқартады, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді, ауыл тұрғындары үшін білім алу, жұмыс істеу және бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды.